Қазақстандағы жолдар қалай қалпына келтірілетіні айтылды

Қаракөз Амантай 12 мау. 2024 15:05 1846

Үкіметтің 2024 жылғы 6 маусымдағы қаулысымен 2024 жылға мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атап айтқанда, 2024 жылға мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне мыналар қосылды:

2024-2033 жылдарға арналған Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүзеге асыратын болады.

Жобаның жалпы құны 951 542 362 857 теңгені құрайды. Мемлекеттік кепілдік мөлшері - 450 000 000 000 теңгеге дейін (шамамен 1 000 000 000 доллар).

Әлеуетті қарыз беруші - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар