Қазақстанда жүргізуші куәлігіне қатысты жаңа ереже енгізіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне қатысты жаңа ереже енгізіледі
ЖИ: DALANEWS

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне қатысты жаңа ереже енгізіледі. 2026 жылдың 25 мамырынан бастап жүргізуші куәліктерінде емтиханның қандай беріліс қорабымен тапсырылғаны көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Енді жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін алған азаматтар механикалық та, автоматты беріліс қорабы бар көліктерді де басқара алады.

Бұған дейін жүргізуші куәлігінің «Ерекше белгілер» бөлімінде емтиханның қандай трансмиссиямен тапсырылғаны жазылатын. Автоматты беріліс қорабымен сынақ тапсырған жүргізушілерге механикалық қорабы бар көлікті жүргізуге рұқсат берілмейтін.

Жаңа өзгеріске сәйкес бұл шектеу алынып тасталады. Алайда қазіргі жүргізуші куәлігінде мұндай белгісі бар азаматтар үшін ереже құжат мерзімі аяқталып, куәлік ауыстырылғанға дейін күшінде қалады.