Қазақстанда ит асырайтындарға салық салына ма — Біржанов жауап берді

Қаракөз Амантай 14 сәу. 2026 15:35

Қазақстанда ит асырайтындарға салық салынбайды. Үкімет мұндай бастамадан бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл салықтың пайдасынан гөрі кері әсері көп екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай төлемді енгізу үшін елдегі барлық итті есепке алып, арнайы тіркеу жүргізу қажет. Алайда бұл техникалық жағынан қиын шаруа.

Сонымен қатар ол мұндай салықтың нақты не үшін керек екені де түсініксіз екенін жеткізді.

Ал Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин болса, бұл шешім адамдардың ит асырауға деген ынтасын азайтуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай бастама салық түрлерін азайтуды көздейтін жаңа Салық кодексінің талаптарына да сәйкес келмейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove