"Біз жаппай шаралар өткізгендер жайлы хабарлап, көмектескендерге қаржылай сыйақы береміз. Мұны сөз тасу деп хабарлауы мүмкін. Бірақ олай емес. Бұл қоғамға көмек. Бұған арнайы ақша бөлдік", – деген Есқалиев оперативті штаб отырысында.
Оның айтуынша, 130 адамнан тұратын бақылайтын топ таңертеңнен кешке дейін жергілікті ауылдарды аралап жүре алмайды. Сол үшін жергілікті тұрғындардан көмек сұрайтынын жеткізген.
Әкім елде әлі коронавирустың кетпегенін айтып, карантинді жұмсарту деген проблема шешілді деген мәселе емес дейді.
Карантин тәртібін бұзғандар жайлы хабарлағандарға 27 мың 780 теңге көлемінде (70 доллар) сыйақы берілмек.
Карантин кезінде тәртіп бұзғандарға салынған айыппұл көлемі 34 млн теңге (80 мың доллар) болған. 551 тәртіп бұзылған хаттама толтырылған. Оның дені Орал қаласында орын алған. Адамдардың көбі түнгі 23:00-ден кейін жүріп-тұруға тыйым салынған ережені бұзған.
26 тамыздағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда коронавирус 105 075 адамнан анықталған. Олардың 1544-сі адам қайтыс болған. Пневмонияға 23 543 адам шалдығып, 268 науқас көз жұмған.