Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар мәселесіне тоқталды. Ол үшін, Тоқаевтың айтуынша, СЖРА - мемлекет басшысына тікелей есеп беретін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылуда.
- Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Осы саладағы реформалар жүйелі түрде жүргізіп отыру керек. Оны мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды жүзеге асырудағы жауапкершілікке деген көзқарастарды өзгертуден бастайық.
Пандемия мен дағдарыс жағдайында қазіргі мемлекеттік басқару жүйесі максималды жылдамдықта жұмыс істейді. Шұғыл шешім қабылдау міндеттері көп уақыт пен ресурстарды талап етеді, бірақ мәселені босаңсытып алмау керек, сондықтан Президенттің алдында тікелей есеп беретін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды жөн көрдім.
Мұндай орган бұрын болған, алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырып келген, енді ол қайтадан бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады, - деді Тоқаев.
Президент мемлекеттік қызмет ешқашан жабық кастаға айналмайды деп уәде берді.
- 2021 жылдан бастап балдық-факторлық шкала деген енгізіледі. Бізге жаңа кәсіби кадрлар керек. Мемлекеттік қызмет жабық кастаға айналмауы тиіс. Осы жылдың соңына дейін "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер бойынша құжаттарды қабылдауды тапсырамын, - деді Тоқаев.