Қазақстанда цифрлық Ұлттық банк құрылмақ

Кәмшат Тілеухан 26 жел. 2024 13:12 499

ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығындағы реттеушілердің 2029 жылға дейінгі цифрлық трансформациясының стратегиясын бекітті. Бұл стратегияда цифрлық активтердің, технологиялардың, ESG тәуекелдерінің дамуы мен қаржы секторы құрылымының өзгеруі ескерілген, деп жазады Dalanews.kz.

ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, стратегияда келесі буын инфрақұрылымын дамытуды, перспективалы технологиялық базаны және деректерді басқарудың заманауи инфрақұрылымын құруды, сондай-ақ ОТ-қызметтерінің бірыңғай орталығын құруды және басқарудың икемді әдістерін енгізуді қамтитын 100-ден астам жоба бар.

"Стратегия Қазақстанның қаржы секторындағы цифрлық трансформация бойынша көшбасшы позициясын сақтауға бағытталған. Оның аясында цифрлық орталық банк құру, цифрлық инфрақұрылым қаржы нарығына қатысушылардың барлығына бірдей дәрежеде қолжетімді болуына жағдай жасау, барынша тиімді және тұрақты қадағалау үшін деректерге негізделген әдіс-тәсілдерді пайдалану, заманауи технологиялар мен АКТ инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ деректерді өңдеу процестерін стандарттау арқылы реттеу талаптарын жеңілдету қарастырылған", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚҰБ Басқармасының отырысында екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының есеп беруіне қатысты ережелер мен заңдарға өзгерістер енгізу мәселелері қарастырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар