Қазақстанда сталкинг бойынша 51 іс сотқа жетті

Көркем Алдабергенова 17 нау. 2026 13:27

Қазақстанда сталкинг қылмыс ретінде заңға енгізілгеннен бері осы бап бойынша 51 іс сотқа жолданған. Олардың 36-сы бойынша күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Dalanews.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг жасағаны үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сталкинг – адамның еркінен тыс байланыс орнатуға әрекет жасау немесе оны заңсыз түрде қудалау.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove