Қазақстанда сот шешімдерін орындауға жасанды интеллект тартылады - Әділет министрі

Қаракөз Амантай 26 ақп. 2025 10:44 302

Қазақстанда сот шешімдерін орындауға жасанды интеллект тартылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елімізде "Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинеті" жетілдіріліп, оған "Цифрлық көмекші" енгізіледі. Бұл сервис қазақстандықтарға сот шешімдерінің орындалу барысын қадағалап, сот орындаушысының әрекеттеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

Бұдан бөлек, атқарушылық іс жүргізу процестері автоматтандырылады. Нәтижесінде мүлікке салынған тыйымдар мен уақытша шектеулер жедел алынып тасталып, борышкерлер тізілімінен шығару процесі жеңілдейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар