Қазақстанда саяси мемлекеттік қызметшілердің кірісі туралы декларацияларды жариялау міндеттелді. Шенеуніктер бұл деректерді желтоқсанның аяғына дейін ұсынуға тиіс болған. Соған орай бірқатар министрліктің ресми сайттарында алғашқы декларациялар жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алайда құжаттарда шенеуніктердің өз табысы емес, олардың жұбайларының кірісі көрсетілген.
- Мәселен Қазақстанның Эстониядағы елшісі Алтай Көлгінов пен жұбайы Жанар Келімбетованың декларациясында 16 967 301 теңге көрсетілген.
- Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіров пен жұбайы Майра Қожатайдың декларациясында 34 миллион теңге көрінеді.
- Ал ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев пен жұбайының декларациясында 69 605 000 теңге деп көрсетілген.
Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің декларациясында 88 678 984 теңге тіркелген.
Министрлік бұл сома министрдің емес, оның жұбайының бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялардан түскен кірісі екенін мәлімдеген. Ведомство мәліметінше, Серік Жұманғариннің жалақыдан бөлек қосымша табысы жоқ.
