Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі, 15 қыркүйекте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалымен жауын-шашын болмайды. Тек солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Астана: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде +8…+10, күндіз +18…+20 градус.
Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр болады. Түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.
Шымкент: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде +15…+17, күндіз +30…+32 градус.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола облысында солтүстік және шығыс аудандарда күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +15…+20, түнде +5…+10 градус.
Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз +23…+28, түнде +7…+12 градус.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +16…+21, түнде +5…+10 градус.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз +23…+28, түнде +12…+17 градус.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28…+33, түнде +13…+18 градус.
Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +30…+35, түнде +18…+23 градус.
Ақтөбе облысында де жауын-шашын болмайды. Күндіз +25…+30, түнде +10…+15 градус.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18…+23, түнде +5…+10 градус.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Күндіз +15…+20, түнде +7…+12 градус.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Күндіз +15…+20, түнде +8…+13 градус.
Абай облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз +20…+25, түнде +6…+11 градус.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауады. Күндіз +20…+25, түнде +10…+15 градус.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28…+33, түнде +12…+17 градус.
Түркістан облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз +27…+32, түнде +15…+20 градус.
Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +27…+32, түнде +12…+17 градус.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28…+33, түнде +14…+19 градус.
Жетісу облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз +27…+32, түнде +14…+19 градус.
Сонымен қатар синоптиктер алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы мүмкін екенін ескертті.
Өрт қаупі де бірқатар өңірде жоғары деңгейде сақталады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ бірқатар облыстың жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі болжанады. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында және басқа да аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.