Қазақстанда қанша блогер бар, олар қанша салық төледі?

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2024 16:45 612

Елімізде ресми түрде 745 блогер тіркелген. Олар биыл 9 айда мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам салық төледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп.

«Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңының ережелеріне сәйкес инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада басқа да тұлғаларға ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы.

Бүгінгі таңда Республика бойынша 745 блогер (тізім әлеуметтік желілерде – Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалардан құрылған) бар. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде жарнама беруден немесе ақпараттық өнімдерді жылжытудан түсетін табыстарға салық салынады», - деді комитет өкілі ресми сауалға.

Ведомство мәліметінше, егер блогер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса немесе оның жылдық табысының мөлшері 12 ең төменгі жалақыдан асса (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы - 85 000 теңге, бұл 1 020 000 теңгені құрайды) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

"Отандық блогерлердің көпшілігі қазірдің өзінде кәсіпкер саналады және қолданылатын салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Мәселен, соңғы 9 айда олар 1 млрд 226 млн теңгеден астам сомаға салық төледі", - деп жазылған жауапта.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар