Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына қарсы "Қарасора-2026" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Операция аясында құқық қорғау органдары құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз егістіктерін, олардың табиғи өсу ошақтарын және арнайы плантацияларды анықтап, жояды. Сонымен қатар, есірткі дайындау, тасымалдау және сатумен айналысатын қылмыстық топтардың жолын кесуге, есірткі тасымалы арналарына тосқауыл қоюға басымдық беріледі.
Операцияға полиция қызметкерлері, ІІМ Ұлттық ұланы, Қорғаныс министрлігінің күштері және жергілікті атқарушы органдар тартылады.
Іс-шара барысында рейдтер, жедел іздестіру жұмыстары, әуеден бақылау, ауыл шаруашылығы алқаптарын тексеру және аумақтарды заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен зерделеу жұмыстары жүргізіледі.