Қазақстанда пара беру туралы айтқандар да жазалануы мүмкін

Қазақстанда пара беру туралы айтқандар да жазалануы мүмкін
shutterstock.com

Қазақстанда жемқорлардың ашық тізімі пайда болады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстанда жемқорлардың ашық тізімі енгізіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов хабарлады.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралуда.

Аталған заң жобалары аясында елде жемқорлардың ашық реестрін енгізу жоспарланып отыр.

«Бұл – алдын алу құралы. Оның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін қоғамдық айыптауды қолдану. Реестрге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер енгізіледі. Адамды тізімге енгізудің негізі – заңды күшіне енген айыптау үкімі», – деп түсіндірді Сарқұлов Мәжіліс отырысында.

Реестрден шығару заңды күшіне енген ақтау үкімі негізінде және соттылығы жойылған жағдайда мүмкін болады.

Реестр агенттіктің сайтында жарияланады.