Қазақстанда өнер иелері сахнадағы мәдениетсіз қылықтары үшін айыппұл төлейді

Қаракөз Амантай 16 мам. 2024 13:34 2195

Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнадағы әдепсіз әрекеті үшін әртістер мен әншілерді айыппұлмен жазалауды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.

"Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз күйде шығу үрдісі болып отыр. Сондай-ақ жоспарлаған концерттік бағдарламаны орындамау, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалануға жол берілген фактілер де бар. Осыған байланысты заң жобасы аясында орындаушылардың осындай мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы осы мәселелерді барынша реттеуге тырыстық", - деді министр.


Тиісті қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, жеке тұлғаларға 150 АЕК (553,8 мың теңге) және заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде айыппұлдар туралы болып отыр.

Бұзушылық қайталанса, айыппұлдар 200 АЕК (738,4 мың теңге) және 600 АЕК (2,2 млн теңге) дейін өседі.

Әртістердің орынсыз мінез-құлқына мыналар жатады:

  • балағат сөздерді қолдану;
  • алкоголь немесе есірткіге улану.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар