Қазақстандық құқық қорғаушылар, адвокаттар, журналистер мен азаматтық белсенділер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қызметінен босатып, жаңа омбудсменді сайлау туралы ашық үндеу жолдады, деп хабарлайды Dalanews.
Үндеу авторларының пікірінше, Артур Ластаевтың 2023-2026 жылдардағы қызметінің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты Конституцияда жүктелген міндеттерді толық орындай алмаған.
Осыған байланысты олар мемлекет басшасынан Артур Ластаевты қызметінен босату рәсімін бастауды сұраған.
Сонымен қатар үндеуде жаңа Адам құқықтары жөніндегі уәкілді іріктеу кезінде құқық қорғау қауымдастығының қатысуымен ашық консультациялар өткізуді ұсынған.
Үндеу авторларының айтуынша, бұл қызметке мінсіз беделі бар және адам құқықтарын қорғау саласында нақты тәжірибесі бар кандидат тағайындалуы тиіс.