Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайды

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайды
Фото: gov.kz

1 маусымнан бастап Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 10 пайыз артты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Енді төлем мөлшері мүгедектік тобына байланысты 117 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін жетеді. Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны ел бойынша 545 мыңға жуық адам алып отыр.

Сонымен қатар мемлекет аз қамтылған азаматтарды қолдау шараларын жалғастырып келеді. Атаулы әлеуметтік көмек аясында 1 мамырдағы жағдай бойынша 34,5 мың отбасыға, яғни шамамен 186 мың адамға қолдау көрсетілген.

Бұл мақсатқа бюджеттен 10,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.