Қазақстанда МӘМС жүйесіне қатысты өзгеріс болады

Сағыныш Сардарова 20 қаң. 2026 17:16

Мемлекет басшысы Үкіметтің МӘМС жүйесін Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді.

Президент құқық қорғау органдарына жемқорлық схемаларынан пайда көріп отырған барлық адамды анықтау тапсырылғанын жеткізді.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру жөніндегі Үкімет шешімін қолдаймын", – деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында болған жағдай - әлеуметтік сала басшыларының кәсіби деңгейі төмендігі мен мемлекеттік мүддеге салғырт қарауының салдары.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарды қаржыландыру жүйесіне жүргізілген тексеріс барысында елеулі заңбұзушылықтар әшкереленді. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Премьер-министр Олжас Бектенов тексеріс материалдарын құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды. Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын салалық ведомстволардың қарауынан шығарып, Қаржы министрлігінің құзырына беру жөнінде тапсырма берілді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove