Қазақстанда ЛГБТ насихаты үшін жауапқа тартылғандар бар ма — вице-министр жауап берді

Қаракөз Амантай 09 сәу. 2026 13:37

Қазақстанда ЛГБТ насихатына байланысты әзірге ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл бағытта тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Алайда осы уақытқа дейін заң нормасы аясында нақты құқықбұзушылық деректері тіркелмеген.

Кочетов кейбір үкіметтік емес ұйымдардың алаңдаушылығы негізсіз болғанын атап өтті. Оның сөзінше, жаңа норма ақпараттық кеңістікте түбегейлі өзгеріс әкелмеген.

"Бұл талап көбіне профилактикалық сипатта жұмыс істеді. Яғни азаматтар белгілі бір контентті жарияламас бұрын ойланып әрекет ететін болды", – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде мұндай мазмұндағы материалдар бұрын да бұғатталып келгенін еске салды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove