Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды

Dalanews 13 нау. 2020 12:07 811

Елімізде коронавирус жұқтырған азаматтардың үшке жетті. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Бүгінгі таңда қауіпті індетке шалдыққан тағы бір науқасты анықтадық. Оны үшінші науқас деп айтуға болады. Ол наурыздың 12-сі күні Италияның Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген. Лабораториялық сараптама бойынша азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Азаматты әуежайға келген кезде бірден карантинге жатқыздық", - деді Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетелік бұған дейін Біртанов Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін, вирус жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар әзіргі күні іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

"Біріншісі 9 наурызда келді, яғни бұл ел тыйым салынғандардың І-санатына әлі жатқызылмаған кезде. Екіншісі – 12-сі күні. Алгоритм бойынша, 73 жолаушының тізім бар. Олар бақылауға алынған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар