Back

Коронавирус жұқтырғандар 73 адаммен байланыста болған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус анықталғанын хабарлады. Германиядан келген екі азамат туралы айтылады. Олар елімізге әртүрлі күндері келді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Біріншісі 9 наурызда келді, яғни бұл ел тыйым салынғандардың І-санатына әлі жатқызылмаған кезде. Екіншісі – 12-сі күні. Алгоритм бойынша, 73 жолаушының тізім бар. Олар бақылауға алынған.

Біз оларды оқшаулай бастаймыз: іздеп, карантинге жатқызамыз.

Олар ауру емес, бірақ14 күн карантинде болады, – деді Біртанов.

Екінші ұшаққа келсек, жаңа ереже күшіне енгендіктен, барлық құрам – 12 адам, оның ішінде экипаж да дереу карантинге алынған. Олар қонған сәттен бастап толығымен оқшауланған.

Елдегі науқаспен байланыста болғандарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Тағы оқыңыз:

Коронавирус Қазақстанға жетті. Тоқаев мәлімдеме жасады