Қазақстанда ЖИ көмегімен жазылған дипломдық жұмыстарға бақылау күшейеді

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2026 09:46

Қазақстан жоғары оқу орындарында жасанды интеллект арқылы дайындалған ғылыми жұмыстарды анықтау жүйесі күшейтіледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, елдегі университеттер антиплагиат жүйелерін жаңартып, оны жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр. Аталған жүйелер курстық жұмыстар мен диссертациялардың нейрожелілер көмегімен жазылған-жазылмағанын анықтай алмақ.

Сонымен қатар жасанды интеллектіні қолдануға толық тыйым салынбайды. Дегенмен оны пайдалану нақты ережелермен шектеледі. Мәселен, студенттер технологияны ақпаратты өңдеу, деректерді талдау секілді көмекші құрал ретінде қолдана алады. Ал ғылыми қорытындыны өз бетінше шығару талап етіледі.

Министрдің сөзінше, бұл талаптар білім сапасын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты жоғары оқу орындарына ЖИ арқылы жазылған жұмыстарды қабылдамауға, тіпті қажет болған жағдайда диссертациялардың күшін жоюға құқық беріледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove