Сенат депутаты Марат Қожаев Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңіл болғандықтан, жол жағдайы да күрделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Елімізде жол инфрақұрылымы қауіпсіздік стандарттарына толық сай емес. Сонымен қатар авто мектептердегі білім беру процесі көбіне формалды түрде өтеді. Сондықтан бұл салада бақылауды күшейту қажет”, – деді ол.
Сенатордың айтуынша, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу әлдеқайда оңай.
“Шетелде бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Ал бізде көлік жүргізу мәдениеті әлсіз. Оны жаңа оқыту бағдарламалары арқылы жақсартуымыз керек”, – деді Марат Қожаев.