Қазақстанда жол жөндеу мен салу бойынша рекорд орнатылды

Көркем Алдабергенова 09 ақп. 2026 09:07

Қазақстанда 2025 жылы автожолдарды жөндеу және салу бойынша рекордтық көрсеткіш орнатылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылы Қазақстанда рекордтық 13 мың шақырым автомобиль жолдары құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жол желісін ауқымды жаңарту еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының біріне айналды.

Нәтижесінде республикалық жолдардың 94%-ы техникалық нормативті жағдайда.

Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарлануда.

Жол саласын цифрландыруға ерекше назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық паспорттары қалыптастырылуда, олар жолдардың техникалық жай-күйін, қозғалыс қарқындылығын және пайдалану параметрлерін орталықтандырылған түрде есепке алуды қамтамасыз етеді.

Жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі.

Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71 бірлігі іске қосылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove