Қазақстанда жерлеу рәсімінің бағалары өсіп жатыр

Сағыныш Сардарова 25 сәу. 2025 13:28 1379

Қазақстанда жерлеу рәсімінің бағалары өсіп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Finprom.kz мәліметінше, Қазақстанда жерлеу қызметтерінің құны 5%-ға өскен. Бұл ретте бір өңірде баға бірден бір жарым есе өскен.

2024 жылы елде 133 мыңға жуық адам қайтыс болған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7%-ға көп.

Ең көп өлім-жітім Алматы (12,2 мың адам), Қарағанды (10,6 мың адам) және Түркістан облыстарында (10,1 мың адам) тіркелген.

Кейінгі кезде қазақстандықтар жерлеу қызметтеріне сирек жүгінетін болған.

"Мұндай қызметтердің көлемі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. 2024 жылы ол 2022 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық қысқарған. Адамдар қосымша шығындардан бас тартады немесе қолжетімді баламаларды іздейді", – дейді сарапшылар.

Сұраныс азайғанымен, бір жыл ішінде баға шамамен 5%-ға өскен.

Баға айтарлықтай өскені мына өңірлерде тіркелді:

  • Батыс Қазақстан облысы – баға бір жарым есеге жуық өскен;
  • Жетісу облысы – +23,1%;
  • Ақтөбе облысы – +11,1%;
  • Қарағанды облысы – +6,7%;
  • Абай облысы – +6,1%;
  • Алматы облысы – +4,1%.

Жалпы алғанда елдегі 20 өңірдің 11-інде қызмет құны өсті. Қалған өңірлерде баға өзгеріссіз қалды, бірақ төмендемеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар