2026 жылғы сәуірде Қазақстандағы жылдық инфляция 10,6% болды. Бұл наурыз айымен салыстырғанда төмен (11%). Айлық инфляция 0,8% деңгейінде тіркелді (наурызда – 0,6%), деп хабарлайды dalanews.kz.
Статистикаға сәйкес, баға өсімі барлық негізгі сегменттерде байқалғанымен, кей бағыттарда баяулау үрдісі байқалады.
Азық-түлік тауарлары бір жылда 11,3%-ға қымбаттады (наурызда – 11,7%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 11,7%-ға өсті (наурызда – 11,3%). Ал ақылы қызметтер құны 8,9%-ға жетіп, өткен аймен салыстырғанда төмендеген (наурызда – 10%).
Ең жоғары өсім азық-түлік өнімдері мен жанармай сегментінде тіркеліп отыр. Атап айтқанда:
– ет пен құс еті – 18,4%
– шұжық және ет өнімдері – 17,0%
– ірімшік пен сүзбе – 13,0%
– қышқыл сүт өнімдері – 14,8%
– жұмыртқа – 12,7%
– бензин – 16,1%
Сарапшылардың айтуынша, инфляцияның баяулауына қарамастан, халықтың күнделікті тұтынатын негізгі тауарлары әлі де айтарлықтай қымбаттап жатыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың сатып алу қабілетіне қысым түсіруі мүмкін.