Қазақстанда енді кредит адамның табысына қарай беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz "Қаржылық сауат" арнасына сілтеп.
Арна мәліметінше, банктер бұдан былай осыған қатты мән бермек.
"Мұндағы мақсат - халықты қарызға батырып жібермеу, мойнына артық жүктеме артпау. Себебі кейінгі жылдары халықтың несие алу қарқыны өте жоғары. Соның салдарынан адамдар қарызға батып, уақытында өтей алмай жатыр", - деп жазылған деректе.
Еске салайық, бұған дейін несиесін мерзімінен бұрын жапқан қазақстандықтар айыппұл төлемейтіні хабарланды.
Бұл өзгеріс тек жаңа келісімшарттарға емес, бұрын жасалған барлық шартқа да қолданылады. Жаңа тәртіп қарыз алушыларға артық пайыз шығынын қысқартып, қарызды жылдам жабуға мүмкіндік береді.
