Қазақстанда жеке тұлғалар үшін несиені мерзімінен бұрын өтеуге салынатын айыппұлдар алынып тасталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Енді қазақстандықтар тұтынушылық несиелерін мерзімінен бұрын айыппұлсыз өтей алады. Бұл өзгеріс тек жаңа келісімшарттарға емес, бұрын жасалған барлық кредиттік шарттарға да қолданылады. Жаңа тәртіп қарыз алушыларға артық пайыз шығынын қысқартып, қарызды жылдам жабуға мүмкіндік береді.
Мерзімінен бұрын өтелетін сома толық та, ішінара да болуы мүмкін. Дегенмен банктер ішкі рәсімдерін сақтауға құқылы: ең төменгі төлем мөлшерін белгілеу, өтініш қабылдау мерзімін көрсету және қайта есептеу жүргізілетін күндерді анықтау.
Бұл шешім азаматтардың қаржылық жүктемесін жеңілдетуге бағытталған.
