Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, 10 қыркүйекте Алматыда АҚШ валютасын сатып алудың орташа бағасы 449,84 теңгені, сату бағасы 452,24 теңгені құрады.
Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 448,03 теңгеден сатып алып, 455,04 теңгеден сатып жатыр. Ал Шымкентте америкалық валютаны сатып алу бағамы 450,43 теңге болса, сату бағамы 452,69 теңге деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Ұлттық банкі 10 қыркүйекке доллардың ресми бағамын 456,89 теңге деп белгіледі.