Қазақстанда дарынды оқушыларға тегін гранттар бөлініп, сыйақы төленеді

Dalanews 01 қыр. 2021 08:28 871

Дарынды оқушылар гранттар мен сыйақылармен марапатталады. Сондай -ақ олардың мұғалімдеріне ынталандыру шаралары қарастырылған.

Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тағы бір мәселе туындап жатыр, мұны басқа түскен зобалаң деп айтсақ та болады. Балалар мектепті тастап кетеді, себебі оны қажет деп санамайды. Үкіметке бұл мәселені байыпты түрде шешуді тапсырамын. Атап айтқанда, қашықтан оқыту форматтарына арналған ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру арқылы. Біздің білім қолжетімді және инклюзивті болуы керек", - деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев бұл ретте жағымды жаңалықтар бар екенін атап өтті.

"Биыл бірнеше қазақстандық мектеп оқушылары халықаралық турнир олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Мұндай дарынды балаларға байыпты қолдау қажет. Біз оларға жоғары оқу орындарына конкурстық емес негізде түсуге гранттар беріп, біржолғы ақшалай сыйақы төлейміз", - деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, дарынды балаларды тәрбиелеген мұғалімдерді моральдық және қаржылай ынталандыру қажет.

"Жалпыға бірдей білім беру аясында әлеуметтік осал отбасылардың балаларын қолдаудың маңызы зор. Материалдық қолдау шаралары "Цифрлық мұғалім" білім беру жобасымен толықтырылуы тиіс. Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет.

Мен мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жыл емес, үш жыл сайын қажет деп есептеймін. Өйткені, олар жаңа білімнің тасымалдаушысы, нағыз ағартушы болуы керек.


Бұл ретте біз мұғалімдердің курстарды өз қаражаты есебінен оқуы сынды жағдайға жол бермеуіміз керек", - деп сөзін қорытындылады Мемлекет басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар