Freedom Inside '26

Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады? Ұлттық банк жаңа мәлімет жариялады

Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады? Ұлттық банк жаңа мәлімет жариялады
Фото: imago stock&people/Global Look Press

Ұлттық банктің 18 маусымдағы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 68 158 теңгеге бағаланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Inform.kz дерегінше, бір апта бұрын алтынның бір грамы 68 192 теңге болған. Осылайша, кейінгі жеті күнде бағалы металлдың бағасы 34 теңгеге жуық төмендеді.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің дерегінше, Қазақстан алтын өндіру көлемі бойынша әлемде 14-орында тұр. Былтыр елімізде 71,2 тонна тазартылған алтын өндірілген.

Сонымен қатар бағалы металдар өндірісіне салынған инвестиция көлемі 99 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 38 пайыз өскен.

Қазір Қазақстанда жалпы қоры 2 369 тоннаны құрайтын 374 алтын кен орны бар. Былтыр олардың қатарына шамамен 98 тонна алтын қоры бар тағы бес кен орны қосылды.