Қазақстанда бет-әлпетін тұмшалағаны үшін қанша адам жауапқа тартылды?

Қазақстанда бет-әлпетін тұмшалағаны үшін қанша адам жауапқа тартылды?
ЖИ: aqshamnews.kz

ІІМ қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл норма "Құқықбұзушылық профилактикасы туралы" заңның 75-бабы 3-тармағында көрсетілген. Яғни адамның түр-сипатын тануға мүмкіндік бермейтіндей деңгейде бетті толық жабатын киім кию құқықбұзушылық болып саналады.

Алайда бұл талап ауа райына, медициналық себептерге, қызметтік міндетті орындауға, сондай-ақ, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуға қолданылмайды.

ІІМ мәліметінше, мұндай құқықбұзушылық үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Алғаш рет ереже бұзғандарға ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Қазір осы бап бойынша 1179 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.