2024 жылдың бірінші тоқсанында автокөлікті жөндеуге кететін орташа чек 33 400 теңге болды. Былтырғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда биыл сервис 14 пайызға қымбаттаған.
Жалпы алғанда автокөліктерді жөндеуге кететін орташа сома біраз уақыт тұрақты болып тұрған. Тек наурыз айында аса қатты шарықтап кеткен. Оған автосервис сегментіндегі қызу маусым себеп болған.
Авто қызмет көрсету бағасы инфляциядан сәл асып, біртіндеп өсіп келеді. Елімізде өндірістің де, жаңа көліктер шығарудың қарқыны ақырындап артып жатыр. Дегенмен ескі көліктердің үлесі әлі де көп. Сәйкесінше, көлік ескі болған сайын, жиі жөндеу керек болады. Сондықтан автокөлік иелері темір тұлпарын ұзағырақ пайдалану үшін жөндеуге беріп, ақша салады, – дейді Қазақстандағы Fit Service департаментінің жетекшісі Вячеслав Мишин.
2024 жылдың бірінші тоқсанында автосервис қызметіне Toyota, Hyundai, Lada, Kia және Chevrolet көліктеріні иелері жүгінген. Ал модельдерін атап өтсек: Toyota Camry, Hyundai Accent және Kia Rio.
Зерттеуге Қазақстанның тоғыз қаласындағы (Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Петропавл, Семей, Орал) 18 автосервис желісі станциясы қатысқан.