Қазақстанда Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған коллекциялық монета шықты

Көркем Алдабергенова 14 қаз. 2025 13:46

Қазақстанның Ұлттық банкі Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған жаңа коллекциялық монетаны таныстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Монета «Елеулі оқиғалар мен тұлғалар» сериясы аясында шығарылып, Қазақстанның монета сарайында дайындалған.

Әлия Молдағұлова - Ұлы Отан соғысының қаһарманы, мерген, ерлік пен отансүйгіштіктің символына айналған тұлға.

Монета мельхиордан жасалған, салмағы 15 грамм, номиналы 200 теңге.

Естелік монета 15 қазаннан бастап сатылымға шығады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар