2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанда алтын бағасы рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ұлттық банктің дерегінше, 25 желтоқсанда бір грамм алтынның бағасы 73 615,20 теңге болды. Бір күн бұрын грамм алтын 73 514,30 теңге болса, 1 желтоқсандағы бағасы 68 539,52 теңгені құраған болатын.
2025 жылдың үшінші тоқсанында Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен жеке банктік емес айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 438,4 келі болатын 8 302 мерлік слитокты сатты.
Сонымен қатар, Нью-Йорктағы COMEX биржасында алтын мен күміс бағалары да өсіп, жаңа рекордтар орнатуда. 2025 жылдың басынан бері алтынның бағасы бір унцияға 1 000 доллардан астамға көтеріліп, әлемдік экономикалық тұрақсыздық пен ірі елдердегі ақша-несие саясатының жеңілдеуін күтуге байланысты қорғаныс активі ретінде сұранысқа ие болып отыр.
