16 жастағы қазақстандық футболшы ресми түрде «Барселона» ойыншысы атанды

16 жастағы қазақстандық футболшы ресми түрде «Барселона» ойыншысы атанды
instagram.com/k.mendikanov

16 жастағы қазақстандық вингер Кәрім Мендіканов ресми түрде каталониялық «Барселона» клубының ойыншысы атанды. Ол жаңа маусымда клубтың жастар құрамасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл трансфер жас футболшының мансабындағы маңызды кезең саналады. Кәрім Мендіканов 2022 жылы отбасымен бірге Испанияға қоныс аударған. Алғашында «Серданьола» клубында, кейін «Сан-Кугат» сапында доп тепкен қазақстандық футболшы қысқа уақыт ішінде негізгі құрам ойыншысына айналды.

Оның алаңдағы жарқын ойыны «Барселонаның» селекционерлерінің назарын аударып, нәтижесінде каталониялық клуб жас талантпен келісімшарт жасасты.

Осылайша, Кәрім Мендіканов жаңа маусымда әлемдегі ең танымал футбол академияларының бірі саналатын «Барселонаның» жастар командасында өнер көрсететін болады.