Серік Шәпкенов лауазымынан босатылды

Серік Шәпкенов лауазымынан босатылды
ашық дереккөз

Серік Шәпкенов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылымында түрлі лауазымдарды атқарып, экономика және бюджеттік жоспарлау саласында қызмет етті. 2012–2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды. Одан кейін 2016–2018 жылдары Атырау қаласының әкімі болды. 2018–2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың маусымында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Ал 2021 жылғы қаңтарда осы министрліктің басшысы қызметіне көтерілді.

2022 жылғы 7 сәуірде Президент Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Кейін бұл қызметке қайта тағайындалды.