Алматы облысында аулада отырған екі әйелді көлік қағып кетті: жәбірленушінің бірі аяғынан айырылды

Алматы облысында аулада отырған екі әйелді көлік қағып кетті: жәбірленушінің бірі аяғынан айырылды
Фото: видеодан скрин

Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, Mercedes-Benz автокөлігін басқарған 24 жастағы қыз туған күн өтіп жатқан үйдің ауласына кіріп, дастарқан басында отырған адамдарды қағып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Салдарынан екі әйел ауыр жарақат алды. Олардың бірінің бірнеше қабырғасы сынған. Екінші әйел алған жарақатының салдарынан аяғынан айырылған.

Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші көлікті басқара алмай, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.