Қазақстанда алғаш рет: Сингапурға ұшамыз

Қазақстанда алғаш рет: Сингапурға ұшамыз

SCAT Airlines Шымкент — Сингапур жаңа халықаралық бағытын ашады. Билеттерді сату ашылды, алғашқы рейс 20 қазанда өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сингапур — бұл Азияның ең жарқын көрінісі. Заңғар көк тіреген ғимараттар мен тропикалық жасыл желектердің, футуристік архитектура мен жағалаулардың, үлкен шопингтің, жағажай демалысының, ойын-сауық пен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тағамдардың қаласы.

Мұнда заманауи мегаполис ырғағында бірнеше мазмұнды күнді өткізуге, мұхитқа жол тартуға, гастрономиялық саяхат ұйымдастыруға, күнді шопингке арнауға немесе Сингапурды Оңтүстік-Шығыс Азиямен одан әрі танысудың бастапқы нүктесі етуге болады.

Бұл жаңа әсерлерді, әдемі демалысты, іскерлік мүмкіндіктерді және мүлдем басқа — заманауи, жайлы әрі мазмұнды Азияны көргісі келетіндерге арналған бағыт.

Сингапур жеке бағыт ретінде де, аймақтағы ең ірі авиациялық орталықтардың бірі ретінде де қызықты. Осы жерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бойынша саяхатты оңай жалғастыруға және бірнеше елді қамтитын үлкен бір маршрут жинауға болады.

SCAT-тың жаңа рейсі Қазақстаннан келген саяхатшылар үшін жай ғана тағы бір қаланы емес, тұтас жаңа географияны ашады.

Рейс қалай орындалады

Ұшулар Саньяда аралық аялдама жасай отырып, Boeing 737 MAX 8 заманауи әуе кемелерінде орындалады.

Шымкент — Санья ұшуы шамамен 6,5 сағатты алады. Саньяда жолаушыларға ұзақтығы шамамен 2 сағат болатын ыңғайлы транзит қамтамасыз етіледі. Жолаушылар әуежайдың стерильді аймағында қалып, Қытайда паспорттық бақылаудан өтпей-ақ саяхатын жалғастырады.

Санья — Сингапур учаскесіндегі ұшу уақыты шамамен 3 сағатты құрайды.

Бүкіл саяхат бойындағы жайлылық

Маршруттың екі учаскесінде де тамақтану қарастырылған.

Шымкенттен ұшқаннан кейін жолаушыларға толыққанды ыстық тамақ, ал Санья — Сингапур учаскесінде сэндвичтері бар жеңіл ланч ұсынылады.

Транзиттің ыңғайлы форматы Саньядағы аялдама кезінде қосымша формальдылықтарсыз-ақ SCAT-тың біңғай маршруты шеңберінде Сингапурға саяхатты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сингапурды қазірдің өзінде брондауға болады

Шымкент — Сингапур жаңа бағытына билеттер сату ашық.

Әуе билеттерін scat.kz ресми сайтынан, сондай-ақ қолжетімді онлайн-сервистер мен авиабилеттерді сату жүйелері арқылы сатып алуға болады.

Дайын саяхатты қалайтындар үшін туристік пакеттер қолжетімді — оларды туристік агенттіктерден немесе sundayairlines.kz сайтынан сатып алуға болады.

Алғашқы рейс — 20 қазанда.

Үлкен халықаралық жұмыс тұрған маршрут

Жаңа бағыттың ашылуы SCAT Airlines, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитеті, Қытай Үкіметі, Қытай Туризм министрлігі және Сингапурдың авиациялық билік орындарының ауқымды бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

Бірнеше елдің авиациялық және мемлекеттік құрылымдарының бірлескен жұмысы жаңа маршрутты жүзеге асыруға және Қазақстаннан келген жолаушылар үшін Азиядағы тағы бір жарқын бағытты ашуға мүмкіндік берді.

SCAT үшін Шымкент — Сингапур рейсін іске қосу халықаралық маршруттық желіні жүйелі түрде кеңейтуді және Шымкенттен Азия бағытын дамытуды жалғастырады.

Сингапур бұрынғыдан да жақын.

20 қазанда жаңа саяхат басталады — Азия болашақпен кездесетін жерге.

Шымкент — Сингапур. Өз Азияңды SCAT-пен бірге аш.