2026 жылдың маусым айында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде қолма-қол рубльдің таза ұсынысы 17,5 млрд теңгені құрап, мамырмен салыстырғанда 42%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға азайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұлттық банк деректеріне сәйкес, айырбастау пункттері маусымда халықтан сатқанынан көбірек рубль сатып алған.
Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіс теңгенің рубльге шаққандағы айтарлықтай нығаюымен тұспа-тұс келді. Маусым айында Ресей валютасының ресми бағамы 10,1%-ға төмендеп, 1 маусымдағы 6,83 теңгеден 1 шілдеде 6,14 теңгеге дейін арзандаған.
Қолма-қол рубльге деген теріс таза сұраныс елдің 12 өңірінде тіркелген. Ең үлкен үлес Астана мен Алматыға тиесілі – жалпы көрсеткіштің 71%-ы осы екі қалаға келеді.
Ал қалған сегіз өңірде рубльді сатып алу көлемінен сату көлемі асып түскен. Бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды облысы көш бастап, айырмашылық 1 млрд теңгені құраған.
Сонымен қатар маусымда айырбастау пункттеріндегі АҚШ долларының таза сатылымы бір айда 94%-ға, бір жылда 16%-ға өсіп, 126,5 млрд теңгеге жетті.
Ал еуроның таза сатылымы соңғы 16 айдағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, 25,7 млрд теңгені құрады. Бұл мамырмен салыстырғанда 2,2 есе, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 22,4 есе көп.