Қазақстанда +40 градусқа дейін аптап ыстық сақталады

Қазақстанда +40 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
Қазгидромет

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде қалыптан тыс ыстық сақталып, жауын-шашын негізінен жергілікті әрі қысқа мерзімді сипатта өтеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Ең жоғары температура елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысы және орталық облыстарында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.

Ал батыс Қазақстанда 1 тамыздан бастап ауа райы біртіндеп өзгере бастайды. Ауа температурасы аздап төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады.

Мамандар тұрғындарға аптап ыстық кезінде күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта болмауға, көбірек су ішіп, күн сәулесінен қорғануға кеңес береді.