Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға онлайн-платформаларда тіркелуге тыйым салынады

Көркем Алдабергенова 04 жел. 2025 12:43

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілер мен видео-хостингтер де кіретін онлайн-платформаларда тіркелуге тыйым салынады,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген. Оның мақсаты - балаларды интернеттегі зиянды, заңсыз және деструктивті контенттен қорғау.

Бұл қадам кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз ақпараттық ортаны құру және балалардың онлайн-әрекетімен байланысты тәуекелдерді азайту шараларының бір бөлігі болып саналады.

Заң жобасына 80-нен астам түзетулер енгізілген.

Нәтижесінде тыйым салынған контент көлемі азайып, балалардың желідегі қауіпсіздігі артып, отандық және шетелдік цифрлық платформалар үшін тең жағдай жасау және онлайн-қызметтер мен БАҚ-қа сенімділікті нығаяды деп отыр министрлік.

Заң жобасы 2025 жылдың қаңтарында үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Тоқаевтың тапсырмасымен дайындалған, онда интернет-платформалардың деструктив контентті таратуға жауапкершілігі талқыланған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар