Қазақстанда бензин, дизель отыны және авиациялық отын импортына салынатын кедендік баж салығын бір жылға нөлге дейін төмендету жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова бұл шешімнің үшінші елдерден, әсіресе Қытайдан жанар-жағармай импортын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.
“Мәселе импорт көлемінде емес, кедендік баж салығын төмендетуде. Қазақстанға қажет көлем ғана жеткізіледі. Баж салығы нөлге дейін төмендетіледі”, – деді вице-министр Сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша, нөлдік баж салығы бір жыл бойы күшінде болады. Сонымен қатар, ел ішінде жанар-жағармай тапшылығы туындаған жағдайда Қазақстан оның экспортын уақытша шектеуі мүмкін.