Қазақстан халқының саны 20,56 миллион адамға жетті

Қазақстан халқының саны 20,56 миллион адамға жетті
orda.kz

Қазақстан халқының саны 20 562 993 адамға жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде 20 562 993 адам тұрады. Оның ішінде 13 153 726 адам қалада, ал 7 409 267 адам ауылдық жерлерде өмір сүреді. Әйелдер саны – 10 510 782, ерлер саны – 10 052 211 адамды құрайды.  

Жыл басынан бері Қазақстан халқы 63 171 адамға артқан. Оның 57 178-і табиғи өсім есебінен болса, 5 993 адам көші-қон есебінен көбейген.  

Статистикаға сәйкес, халық саны ең көп өңірлердің қатарында Түркістан облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Түркістан облысында 2,1 миллионнан астам адам тұрса, Алматы қаласының халқы 2,36 миллион адамға жеткен. Сондай-ақ Астана халқы 1,66 миллион адамнан асты.  

Ал халық саны ең аз өңірлер қатарында Ұлытау облысы қалып отыр. Өңірде 219 мыңға жуық адам тұрады.  

Айта кетейік, Қазақстан халқы 2023 жылдың қарашасында алғаш рет 20 миллиондық межеден асқан болатын. Содан бері ел тұрғындарының саны жарты миллионнан астам адамға көбейді.