Қазақстан тағы да ақылы жолдарды көбейтуді көздеп отыр

Сағыныш Сардарова 23 мам. 2025 13:53

Қазақстан тағы да ақылы жолдарды көбейтуді көздеп отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдар көбейетінін айтты. Қазір елімізде ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы жол жұмыс істеп тұр. Былтыр осы жолдардан 48 миллиард теңге жиналған.

"Биыл жөндеу жұмыстары аяқталған соң, тағы 29 жол учаскесінде ақылы жүйе енгізіледі. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы - 6,2 мың шақырым. Нәтижесінде жиналатын қаражат көлемі 100 миллиард теңгеден асады", - деді министр Сенаттағы Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта жолдарды күтіп ұстау, арнайы техникалар сатып алу және бұрын алынған қарыздардың пайыздарын өтеу де осы жүйеден түсетін қаржы есебінен шешілмек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар