Қазақстан шетелде еңбек ететін жүздеген ғалымды елге қайтарады - Саясат Нұрбек

Қаракөз Амантай 15 нау. 2024 11:54 3905

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізге жүздеген қазақстандық ғалым шетелден оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр 1990 жылдары КСРО ыдырағаннан кейін елден білікті ғалымдардың бой тасалап кеткенін атап өтті. Осы тұста ол қазіргі таңда ғылым саласының мамандарын атамекеніне қайтару жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Мәселен, 1990 жылдары Қазақстанда 52 мың ғылыми қызметкер болса, 2000 жылға қарай бұл сан 12 мың адамға дейін азайған екен.

"Елшіліктермен бірлесе отырып, біз деректер базасын жасадық. Жетекші ғылыми институттарда немесе университеттерде жұмыс істейтін 680 жас әрі тәжірибелі ғалымдар бар — біз оларды анықтадық", - деді министр.

Осыған байланысты ғылым және жоғары білім министрі оларды елге қайтару үшін үш бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Бірінші мәселе – бұл қазақстандық ғалымдардың елге оралғысы келмеуі. Сондықтан "Болашақ" тәлімгерлік бағдарламасы бойынша жас кадрлар олардан білім алуға жіберіледі.

"Мәселен, Мұрат Сапарбаев Парижде үлкен зертхананы басқарады. Оның жетекшілігімен Әл-Фараби және Сәтбаев атындағы университеттерден алты ғалым жұмыс істейді. Ол ғалымдарды оқытады және Қазақстанда осындай зертхана құруға көмектеседі", — деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың "тікелей оралу" нұсқасы да бар. Дос Сарбасов Қазақстанға осылай келді. Министрдің айтуынша, оған ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі және Назарбаев университетінің зертханасы мәртебесі берілген. Ғалымдарды елге қайтарудың үшінші жолы – елден кеткен ғалымдардың Қазақстандағы әріптестеріне дәріс оқуы. Жоба "Цифрлық көшпенділер лекциясы" сериясы деп аталады. Сонымен қатар эмигрант ғалымдар ғылыми кеңестерге тәуелсіз директор болуға шақырылуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар