Freedom Inside '26

Қазақстан полициясы дрондарды қолдануды үйреніп жатыр

Қазақстан полициясы дрондарды қолдануды үйреніп жатыр
ІІМ

Ішкі істер органдарын жаңғырту және цифрландыру жұмыстары аясында полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып үйреніп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Осы мақсатта ІІМ-нің жедел криминалистикалық департаменті жанынан арнайы оқу-жаттығу зертханасы ашылған. Мұнда тәртіп сақшылары дрондарды басқару бойынша теориялық және практикалық дайындықтан өтеді. Оқу барысында мамандандырылған симуляторлар мен компьютерлік бағдарламалар пайдаланылады.

ІІМ жедел криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Роллан Молдыбаевтың айтуынша, зертхананың негізгі мақсаты - заманауи технологияларды қызмет барысында тиімді қолдана алатын мамандар даярлау.

Дрондар полиция жұмысының мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Олар әуе барлауын жүргізуге, түнгі бақылау жасауға және адамдарды іздеуге көмектеседі. 

Сондай-ақ, ұшқышсыз аппараттар оқиға орнын жоғарыдан шолып, тергеу тобы келгенге дейінгі жағдайды тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл маңызды айғақтарды сақтауға және оқиғаның мән-жайын нақты анықтауға көмектеседі.

Дрондар таулы аймақтарда, кең далада және жетуі қиын жерлерде де қолданылады. Соның арқасында жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жеңілдеп, іздеуде жүргендерді анықтау мен бақылау тиімді бола түседі.