Freedom Inside '26

Қазақстан мен Украинаның Киевтегі арнайы операциясы: бірнеше адам ұсталды

Қазақстан мен Украинаның Киевтегі арнайы операциясы: бірнеше адам ұсталды
ІІМ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясы және екі елдің Бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтарға тиесілі call орталықтарды әшкерелеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

28 мамырда Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан ұйымға қатысы бар call орталықтардың жұмысы тоқтатылған.

Тергеу мәліметіне сәйкес бұл орталықтар азаматтарды есірткі саудасына тарту үшін пайдаланылған. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушылар мен ораушыларды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, арнайы операция барысында 11 адам қолға түскен. Олардың қатарында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартқандар бар.

Сондай-ақ, тоғыз мекенжайда тінту жүргізіліп, 40 мың долларға жуық қаражат, 10 мың еуро, Range Rover көлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленген.