Қазақстан мен Түркия заңсыз жүргендерді қайтару тәртібін бекітті

Қазақстан мен Түркия заңсыз жүргендерді қайтару тәртібін бекітті
ІІМ

Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи екіжақты келіссөз өткізді. Кездесудің басты нәтижесі Қазақстан мен Түркия арасында реадмиссия туралы келісімге қол қойылуы болды.

Құжат екі елдің көші-қон саласындағы өзара іс-қимылдың құқықтық негізін нығайтып, мемлекеттер аумағында болуға заңды негізі жоқ адамдарды қайтару тәртібін айқындайды.

Келіссөз барысында Ержан Сәденов пен Мұстафа Чифтчи екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Трансұлттық және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, іздестіру, көші-қон қауіпсіздігі, кадр даярлау және бейінді бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл негізгі бағыттар ретінде белгіленді.