Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы уағдаластыққа қол жеткізді

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы уағдаластыққа қол жеткізді
ІІМ

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Ержан Сәденов Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен екіжақты кездесу өткізді. 

Екіжақты келіссөздердің нәтижесі - Қазақстан мен Қытай азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілуі.

"Бұл екі ел азаматтары үшін тиісті рәсімдерді жеңілдетіп, өзара сапарларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деді ІІМ өкілдері.