Қазақстанның және Қырғызстанның Ішкі істер министрліктері апиын тобына жататын есірткі жеткізудің трансұлттық арнасын анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бірлескен арнайы операция барысында Шымкент қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталған. Олардан шамамен 5 келі ауған апиыны тәркіленген.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.